$ 489.33  566.3  6.74

Каспий теңізінде екі ер адам суға батып кете жаздады

Ер адамдар бір күн бұрын сапбордпен серуендеуге шыққан.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Маңғыстау облысында теңізге барған екі ер адамның серуені құтқару операциясымен аяқталды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

ТЖМ мәліметінше, қатты ағыс ер адамдарды теңізге қарай алып кеткен.

Суда қауіпсіздік шараларын жүргізу кезінде ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері Ақтау қаласындағы 4А шағынауданы маңында жағалаудан шамамен 500 метр қашықтықта көмек сұрап жатқан адамдарды байқап қалған.

Екі азаматтың да үстінде құтқару кеудешесі болған. Бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектесті.

Құтқарушылар оларды қайықпен жағаға жеткізді. Медициналық көмек қажет болған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0