$ 489.33  566.3  6.74

АҚШ-та жоғалған Қазақстан азаматының денесі табылды

Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде"

Фото: threads/bostonglobe2
Фото: threads/bostonglobe2

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінде брифинг өтіп жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Ерлан Жетібаевтың айтуынша, брифинг басталар алдында СІМ-ге жоғалған қазақстандыққа қатысты жаңартылған ақпарат түскен.

"Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың құзырлы органдарынан Қазақстан азаматы болуы мүмкін адамның мәйіті табылғаны туралы ақпарат алды. Қазіргі уақытта америкалық тарап қажетті рәсімдерді жүргізіп жатыр. Біздің дипломаттар АҚШ-тың құзырлы органдарымен және азаматтың туыстарымен байланыста. Оларға қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетілуде", – деді Ерлан Жетібаев.

АҚШ тарапынан ресми ақпарат түскен сайын Сыртқы істер министрлігі қосымша мәлімет ұсынуға уәде берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0