$ 491.37  570.48  6.78

Солтүстік Қазақстанда зейнеткер қаза тапты

Осыған байланысты СҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Солтүстік Қазақстан облысының Ақжар ауданындағы Шат өзенінен жергілікті тұрғындар 64 жастағы ер адамның денесін тауып, судан шығарып алды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 14 маусым күні кешкі уақытта Ленинградское ауылынан 5 шақырым жерде болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам шомылуға тыйым салынған жерде суға түсіп, батып кеткен. Оқиға орнына тиісті қызметтер шақырылып, қажетті шаралар жүргізілді.

Осыған байланысты СҚО Төтенше жағдайлар департаменті тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Мамандардың айтуынша, азаматтар тек арнайы жабдықталған және ресми түрде рұқсат етілген жағажайларда ғана шомылуы қажет. Мұндай орындарда қауіпсіз демалыс үшін барлық жағдай жасалып, құтқарушылардың кезекшілігі ұйымдастырылады.

Заңнамаға сәйкес, белгіленбеген орындарда шомылған азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Құқық бұзушыларға ескертусіз 7 АЕК мөлшерінде - 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады.



 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0