$ 491.37  570.48  6.78

Қарызға батқан «ҚТЖ»: Топ-менеджерлердің тәбеті неге тыйылмай тұр?

БАҚ өкілдері басшылықтың айына орта есеппен 4,5 миллион теңге алуын, ал қатардағы қызметкерлердің табысы одан ондаған есе аз екенін сынға алды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Үкімет кулуарында «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) Басқарма төрағасы Талғат Алдыбергенов пен журналистер арасында топ-менеджерлер мен жұмысшылардың жалақы айырмашылығы туралы мәселе талқыланды.

БАҚ өкілдері басшылықтың айына орта есеппен 4,5 миллион теңге алуын, ал қатардағы қызметкерлердің табысы одан ондаған есе аз екенін сынға алды.

Басшылықтың уәжі

Т. Алдыбергенов қоғамда айтылған миллиардтық сома компанияның 19 топ-менеджерінің ресми жалақысы мен салықтары екенін түсіндірді. Ол сыйақы төлеуді КТЖ-ның таза пайдасы 340 миллиард теңгеге жеткенімен байланыстырды. Сондай-ақ, өндірістік персоналға 2024 жылы — 60 млрд теңге, ал 2025 жылы 100 млрд теңгеден астам сыйақы берілгенін жеткізді.
Негізгі мәселелер: Қарыз жүктемесі: Компанияның таза пайда көрсеткеніне қарамастан, КТЖ-ның жалпы қарызы 4,7 триллион теңгені құрап отыр.

Тарифтердің өсуі

Табыстың артуы жолаушылар билеті бағасының 7%-ға қымбаттауымен де байланысты. Штат саны: Компанияда 100 мыңнан астам адам істейді. Бөлінген 100 миллиард теңге сыйақы жалпы штатқа шаққанда үлкен көлемдегі қосымша табыс әкелмейді, сондықтан қатардағы жұмысшылардың негізгі айлығы төмен күйінде қалып отыр

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ҚТЖ