Жыл сайын миллиардтаған теңге бюджет қаражатын игеретін компанияның бұл мәселені қашан шешетіні белгісіз.
Шиелі – Түркістан аралығында жүйткіп келе жатқан «Саратов – Алматы» бағытындағы №7/8 жолаушылар пойызы кенеттен апатқа ұшырады. Күндізгі сағат 12:49-да тепловоз сүйреген вагондардың бірінің дөңгелегі рельстен шығып кеткен. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ ресми түрде хабарлады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға орнында салдарды жою үшін арнайы қалпына келтіру пойызы жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге түскен жоқ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ бұл жағдайды «техникалық ақау» деп түсіндірді. «Қазақстан темір жолы» (ҚТЖ) компаниясы оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.
ҚТЖ-ның ескірген инфрақұрылымы мен вагондардың тозуы жолаушылар қауіпсіздігіне төнетін қатерді арттырып отыр. Жыл сайын миллиардтаған теңге бюджет қаражатын игеретін компанияның бұл мәселені қашан шешетіні белгісіз.