17.06.2026, 11:20

Трамп Иранға қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Фото: Washington DC

Financial Times дереккөзіне сүйенсек, Иранның қорға қол жеткізуі жаңа келісімнің талаптарын орындауына байланысты болмақ.

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға 300 миллиард доллар төленгені туралы ақпаратты теріске шығарды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

"Иран ядролық қаруға ие болмайтынына келісті. Сондай-ақ, АҚШ Иранға 300 миллиард доллар төлейді деген ақпарат жалған. Мұны демократтар таратып отыр" – деп жазды Ақ үй басшысы.

Трамп Тегеранның меморандум аясында елді қалпына келтіру үшін 300 миллиард доллар көлеміндегі қорға қол жеткізуі мүмкін екені туралы БАҚ-та жарияланған ақпаратты меңзеген болуы мүмкін.

Бұған дейін Financial Times басылымы Трамп әкімшілігі Иранға инвестиция салуға ниетті жеке компаниялар арқылы 300 миллиард долларлық қорды қаржыландыруды ұсынғанын айтты. Тиісті қаражатты үкімет емес, жеке инвесторлар қамтамасыз етуі тиіс екені туралы белгілі болды.

Financial Times дереккөзіне сүйенсек, Иранның қорға қол жеткізуі жаңа келісімнің талаптарын орындауына байланысты болмақ. Қор елді қалпына келтіру мен жаңғырту жұмыстарын қолдауға арналғар. Ресми тұлғалардың сөзінше, қорға Еуропа, Азия елдерінің, соның ішінде Жапония мен Оңтүстік Кореяның, сондай-ақ АҚШ компаниялары қызығушылық танытып отыр.

Бұдан бөлек, АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс дүйсенбі күні CBS News телеарнасына берген сұхбатында Иран жаңа бейбіт келісім аясында өз міндеттемелерін орындаған жағдайда 300 миллиард долларлық қалпына келтіру қорына қол жеткізе алатынын айтты.

"Егер олар өз міндеттемелерін толық орындаса, Парсы шығанағы елдері коалициясы қаржыландыратын осындай қорға қол жеткізу мүмкіндігі берілуі мүмкін", – деді АҚШ вице-президенті.