Оның айтуынша, әскери бөлімдерде намаз оқуға арнайы уақыт қарастырылмаған, сондай-ақ барлық әскери қызметшілер үшін күн тәртібі бірдей сақталады.
Мәжілістің кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков әскерде намаз оқу мерзімді әскери қызметтен босатуға негіз болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оның айтуынша, әскери бөлімдерде намаз оқуға арнайы уақыт қарастырылмаған, сондай-ақ барлық әскери қызметшілер үшін күн тәртібі бірдей сақталады.
«Ондай біздің күн тәртібінде қарастырылмаған. Сондықтан келген бала әскердің күн тәртібімен қызметін атқарады. Біздің мемлекетіміз — зайырлы мемлекет», – деді Асқар Мұстабеков.
Сондай-ақ Қорғаныс министрлігі өкілі Қазақстан зайырлы мемлекет болғандықтан, діни сенім әскери қызмет тәртібіне әсер етпейтінін атап өтті.