$ 489.39  567.5  6.69

19 адам сушиден уланған: Алматы облысындағы тамақтану орнында тексеріс басталды

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Алматы облысының Боралдай кентінде қоғамдық тамақтану орнында дайындалған өнімдерді тұтынғаннан кейін 19 адам тағамнан улану белгілерімен ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға "Алатау" базары аумағында орналасқан Sushi Time қоғамдық тамақтану орнында болған. Зардап шеккен тұрғындар медициналық көмекке жүгінгеннен кейін санитариялық-эпидемиологиялық қызмет мамандары, денсаулық сақтау мекемелері мен жергілікті атқарушы органдар шұғыл түрде іске кірісті.

Қазіргі уақытта Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Ведомствоның мәліметінше, тексеру аяқталып, оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін қоғамдық тамақтану орнының қызметі уақытша тоқтатылды.

"Жаз мезгілінде қоғамдық тамақтану орындарын таңдауға ерекше мән берген жөн. Нысандардың санитариялық жағдайына және тағам өнімдерінің сақталу талаптарына назар аудару қажет. Құсу, диарея немесе дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер байқалған жағдайда өздігінен ем қабылдамай, дереу медициналық көмекке жүгінген дұрыс", – деп хабарлады Іле аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы.

Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0