Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.
Таиландтың Пхукет аралында 30 жастағы Қазақстан азаматы жол-көлік оқиғасына себеп болды. Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының мәліметінше, әйел көлікті бақылаусыз жүргізіп, бірнеше көлік пен мотоциклге соқтығысқан, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Оқиға әуежай маңында болған. Қазақстандық жүргізуші басқарған автокөлік микроавтобус пен мотоциклді қағып кеткен. Салдарынан екі адам түрлі жарақат алған.
Куәгерлердің айтуынша, апаттан кейін жүргізуші көлігін бірден тоқтатпаған. Оны ұстау үшін полиция қызметкерлері автокөліктің терезесін сындыруға мәжбүр болған.
Алдын ала ақпарат бойынша, әйел бұған дейін де осындай жағдайларға тап болған. Жергілікті БАҚ оның әрекетіне жеке өміріндегі қиындықтар мен эмоционалдық күйзеліс әсер етуі мүмкін екенін жазды.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.