$ 487.01  557.87  6.59

«Жансақтау бөлімінде жатыр»: Ақтөбедегі жарылыстан зардап шеккен адамның жағдайы белгілі болды

Ақ халаттылар науқас денесінің 45%-ы күйік шалғанын айтады.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Солай бола тұра, ол есін біледі, негізгі өмірлік көрсеткіштері де тұрақты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Десе де, жанармай құю бекетінде болған өрт кезінде зардап шеккен ер адам жансақтау бөлімінде ем алуда. 

– Науқасқа қажет ем толық көлемде көрсетілуде және ол медициналық мамандардың тұрақты бақылауында, – дейді дәрігерлер.

Өрт хабарлама түскеннен соң 8 минут өткен соң, яғни сағат 23:03-те толықтай сөндірілген. Өрт сөндірушілер жалынның автогаз құю станциясының нысандарына таралуына жол бермей, қауіп-қатердің алдын алған. 

Бір өкініштісі, өртті сөндіру барысында автокөлік салонынан 3 адамның мәйіті табылғанын жазған едік. Олардың екеуі – кәмелетке толмаған бала.  

Жаза кеткен жөн, оқиға орнына 10-нан аса техника мен 50-ден астам қызметкер жұмылдырылған еді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1