$ 488.37  559.77  6.64

Айдабол көліндегі апат: Зерендіде балықтар жаппай қырылып жатыр

Оқиға орнына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, ветеринариялық қызмет және Экология департаментінің мамандары шұғыл жетті.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

Ақмола облысы Зеренді ауданына қарасты Айдабол көлінде балықтардың жаппай қырылуы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардан су бетіне қалқып шыққан өлі балықтарды анық көруге болады. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл апаттан көбіне суықсүйгіш пелядь (сарыбалық) тұқымы зардап шеккен. Қазіргі уақытта аймақта күн қатты ысып, ауа температурасы күндіз 34 градусқа дейін көтеріліп тұр. Мамандардың алдын ала болжамы бойынша, судың шамадан тыс жылынуынан оттегі деңгейі күрт төмендеген болуы мүмкін.

Оқиға орнына Есіл облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы, ветеринариялық қызмет және Экология департаментінің мамандары шұғыл жетті. Олар су қоймасын тексеріп, зертханалық сараптама үшін су мен балықтардан сынамалар алды. Облыстық ветеринария басқармасы нақты себептер тек ресми талдау қорытындысынан кейін белгілі болатынын хабарлады. Бұл жағдай жергілікті экожүйеге үлкен қауіп төндіріп отыр. Көлдегі апаттың шынайы себебін анықтау жұмыстары жалғасуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0