Жергілікті жұрт күн сайын аулалары мен үйлерінен өрмекшінің бұл қауіпті түрін тауып, дабыл қағуда.
Атырау аймағында биыл улы қарақұрттардың тым шектен тыс көбейіп кеткені тұрғындардың үрейін ұшырып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Жергілікті жұрт күн сайын аулалары мен үйлерінен өрмекшінің бұл қауіпті түрін тауып, дабыл қағуда. Алайда, халықтың өміріне тікелей қауіп төніп тұрса да, жергілікті әкімдік пен жауапты мекемелер тарапынан ешқандай пәрменді әрекет байқалмайды. Көшелер мен қоғамдық орындарда уақытылы дезинфекция жұмыстары жүргізілмегендіктен, улы жәндіктер қала ішіне еркін жайылып кеткен. Құзырлы органдардың бұл салғырттығы мен уақыт созбалаңға салуы қарапайым халықтың наразылығын тудыруда. Ендігі кезекте тұрғындар әкімдіктен құрғақ есепті қойып, улы жәндіктердің көзін жою бойынша шұғыл шаралар қабылдауды талап етеді.