22.06.2026, 17:10

Шымкентте қаңғыбас иттер көбейді

Фото: видеодан скриншот

Тіпті жақында ғана осы маңда құтырған жануарлардың адамға шабуыл жасау дерегі тіркелген.

 

Шымкент қаласының «Тұран-2» шағын ауданында көше кезген бұралқы иттер қаптап, жергілікті халықтың үрейін ұшырып отыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тіпті жақында ғана осы маңда құтырған жануарлардың адамға шабуыл жасау дерегі тіркелген. Тұрғындардың шағымына қарамастан, жауапты ветеринария қызметі тек құрғақ есеп берумен ғана шектеліп отыр. Желіде тараған видео 12 маусым күні түнде «Тұран-2» емханасы мен тұрғын үйлердің дәл іргесінде түсірілген. Қаратау ауданы мен Шымкент қаласының әкімдігі бұл бассыздыққа шұғыл араласып, нақты шара қолдануы қажет. Жауапты мамандар іске білек сыбана кіріспесе, ертең кеш болуы әбден мүмкін.