22.06.2026, 20:30

Тоқаев Қатар Әміріне көңіл айтты

Фото: Ақорда

Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын.

Мемлекет басшысы Қатар Әміріне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Рас-Лаффан өнеркәсіптік орталығында болған қайғылы оқиға салдарынан көптеген адамның жарақат алуына және із-түзсіз жоғалуына байланысты Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниге көңіл айтты.

– Осындай қиын сәтте Қатарға тілектеспіз және адамдарды іздестіру-құтқару жұмыстарына қолдау білдіреміз. Қазақстан қажет болған жағдайда көмек көрсетуге дайын, – делінген жеделхатта.