$ 488.37  559.77  6.64

«Кешірім де сұрамады, көмек те көрсетпеді»: Ақмола облысында ат таптап кеткен баланың анасы үндеу жасады

Баланың анасы Салтанат Ибраеваның айтуынша, оқиғаға кінәлі адамдар әлі күнге дейін жауапқа да тартылмаған және ешқандай көмек те көрсетпеген.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астана маңындағы Талапкер ауылында үш жастағы баласын көшеде атпен таптап өткен жігіттердің ұятсыздығы туралы бейне үндеу тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Баланың анасы Салтанат Ибраеваның айтуынша, оқиғаға кінәлі адамдар әлі күнге дейін жауапқа да тартылмаған және ешқандай көмек те көрсетпеген.

Оқиға 5 маусым күні кешкі сағат 18:00 шамасында болған. Анасының сөзінше, 20-25 жастағы жігіттер балалар жүрген көшеде ат жарыстырып жүрген. Сол кезде ат үстіндегі жігіт үш жасар баланы қағып кетіп, салдарынан бүлдіршіннің миы шайқалып, қолы сынып, бауыры езіліп кеткен.

«Көшеде жарысқан. Менің төртке толмаған балам және сегіз жастағы қызым көшеде келе жатқан. Олар бір топ болып жарысқанда, үш жастағы ұлым оларды көрмей қалым, қашып үлгермеген. Ал ана жігіт ұлымның үстінен қарғып өтем деді ме, тура келіп қаққан. Ұлымның бауыры езіліп кеткен. Олар әлі күнге дейін көмек те көрсетпеді, кешірім де сұрамады», - деді Салтанат Ибраева.

Бүлдірші жансақтау бөлімінен нейрохирургия бөліміне ауыстырылған. Дәрігерлер оның жағдайын әлі де ауыр деп бағалап отыр. Ақмола облысы полиция департаменті аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0