$ 487.01  557.87  6.59

Денсаулығы нашарлаған: Алматыда автобус жүргізушісі жол үстінде мерт болды (ВИДЕО)

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр.

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Алматы қаласы Жетісу ауданында автобус жол-көлік оқиғасына ұшырады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Алматы қаласы полиция департаментінің мәліметінше, № 131 бағыттағы автобус Жангелдин көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, Mercedes және Toyota маркалы автокөліктерімен соқтығысқан.

— Бастапқы деректер бойынша қозғалыс барысында автобус жүргізушісінің денсаулығы күрт нашарлап, салдарынан ол көлік құралын басқаруды толық бақылауда ұстай алмаған. Өкінішке орай, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады.

Полиция аталған дерек бойынша тиісті сараптамалар тағайындады. Оқиғаның мән-жайы мен себептері тексеріліп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0