23.06.2026, 10:10

«Ақша қайда кетті?»: «Щучинск – Степняк» жолы сапасыз

Фото: видео скриншот

Ақмола облысындағы «Щучинск – Степняк» бағыты тағы да даудың ошағына айналды.

Күнделікті осы жолмен қатынауға мәжбүр жүргізушілердің төзімі әбден таусылған. Әлеуметтік желіде тараған мына видео соның айқын дәлелі. Теп-тегіс асфальт біткен жерден бастап, жолдың берекесі қашып, қиыршық тас пен азап басталады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жұрт күнделікті көлігін де, жүйкесін де, денсаулығын да осы жолда құртып бітті.

Бұл мәселе аймақта бірінші рет көтеріліп отырған жоқ. Атқамінерлер тарапынан «капиталды жөндеу» туралы уәделер бұрын да айтылған, бірақ іс жүзіндегі сиқы мынау. Неліктен бюджеттен миллиардтап қаржы бөлінетін жобалардың нәтижесін халық көре алмайды? Жергілікті жол басқармасы бұл жолы да жоспардың бар екенін айтып, ақталғысы келеді. Бірақ ел енді құрғақ уәдеге емес, тек нақты нәтижеге ғана сенбек.