Ол кінәсін мойындап, болған оқиғаға қатты өкінетінін айтты,
Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты қоғамда үлкен резонанс тудырған іс бойынша сотта айыпталушы Александр Пак соңғы сөзі айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ол кінәсін мойындап, болған оқиғаға қатты өкінетінін айтты,
Прокуратура Zeekr көлігінің жүргізушісіне 10 жыл бас бостандығынан айыру жазасын сұрағаннан кейін қорғаушы тарап жеңілдететін мән-жайларды ескеріп, соттан ең төменгі жаза тағайындауды өтінді.
Пактың адвокаты соттан бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза қолдануды сұрады. Сонымен қатар, айыпталушының жұбайы мен үш жасар баласының бар екені назарға алуды сұрады.
«Олардың қатарында жол-көлік оқиғасының болғанын толық мойындауы, шынайы өкініш білдіруі, материалдық және моральдық шығынды өз еркімен өтеуі, жәбірленушілердің татуласуға дайын ұстанымы, олардың бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза тағайындау туралы өтініші, айыпталушының отбасы, жұбайы мен үш кәмелетке толмаған баласының болуы, жеке басына қатысты оң мінездемелер, бұрын қылмыстық жауапқа тартылмауы, тұрақты тұрғылықты мекенжайының болуы және бұрын соттылығының болмауы», – деді адвокат.
Айыпталушы Пак өз кінәсін мойындап, болған оқиғаға қатты өкінетінін айтты. Ол әдеттегідей, өз сөзін қағаздан оқып берді.
«Үш жас адамның өмірін қиғанымды ойлап, күн сайын жан азабын тартып жүрмін. Соттан ақтауды сұрамаймын, тек әділ шешім шығаруыңызды сұраймын», – деді Пак.
Ал айыптау тарапы өз ұстанымынан айныған жоқ.
Сот үкімі бүгін жарияланады.