Болып жатқан жағдайға қарағанда, зеңдену тек аурухананың қабырғаларында ғана емес.
Жаңа адамдардың Халық қаһары Азаматтық науқаны ұзақ мерзімді құрылыс нысандары мәселесімен жүйелі түрде айналысады. Науқан аясында ұзаққа созылған жұмыстар тіркеліп, жылдар бойы бітпеген жобалардың іске қосылуын мақсат етіледі.
Биылғы ақпан айында Теміртаудағы балалар ауруханасына қатысты жарияланған бейнежазба қоғамда үлкен резонанс тудырды. Кадрларда ғимараттың апатты жағдайы көрсетілді: қабырғалардың әрлеуі түскен, жабдықтар ескірген, терезелер сынған әрі жамалған, ал төбелерді зең басқан.
Халық қаһары Азаматтық науқаны Теміртау тұрғындары арасында сауалнама жүргізіп, осыған дейін анықталған барлық деректердің шынайылығын растады. Қала тұрғындарының айтуынша, балалар ауруханасының жағдайы туралы мәселе бұрыннан көтеріліп келеді, алайда ата-аналардың өтініштері тиісті назарға ілікпеген. Сондай-ақ олардың сөзінше, мәселені жария етуге тырысқан бейнежазба авторы мен басқа да азаматтар қысымға ұшырап, жарияланымдарын өшіру талаптарына және тіпті жұмыстан шығарамыз деген қоқан-лоқыға тап болған.
Болып жатқан жағдайға қарағанда, зеңдену тек аурухананың қабырғаларында ғана емес. Мәселеге көңіл бөлмеу уақыт өте келе ар-ұят тапшылығына айналған секілді. Сондықтан Жаңа адамдар арнайы «дәрі» — «Намыстин» препаратын дайындады және оны Қарағанды облыстық Денсаулық сақтау басқармасына, сондай-ақ аурухана басшысы Кенжебаев Самат Енгибайұлына табыстады.
«Намыстин» созылмалы немқұрайлылыққа, жауапкершілік сезімінің жоғалуына және тұрғындар алдындағы міндеттердің орындалмауына қарсы көмектеседі. «Дәрімен» бірге Теміртау тұрғындарының өтініштері негізінде дайындалған арнайы рецепт тапсырылды. Алайда бас дәрігердің орнына кездесуге аурухана директоры шығып, барлық мәселелер жақын арада шешілетінін мәлімдеді. Халық қаһары Азаматтық науқаны бұл нысанға қайта тексерумен оралады.
Нәзік Ходжагельдиева, Жаңа адамдар:
«Халық қаһары Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасы мен аурухана әкімшілігіне үндеу жасайды: бұл мәселені сынған терезені жамағандай жасыру мүмкін емес. Ар-ұятты қабырғамен бірге бояп қоя алмайсыз. Ата-аналар мәселе туралы алаңдағанда, ал балалар осындай жағдайда ем қабылдап жатқанда, мәселе ашық күйінде қала береді».