24.06.2026, 03:30

«Отбасының жетістігі тек әйелге байланысты»: Қыз-келіншектерге кеңес берген коучтың бас дауға қалды (ВИДЕО)

Фото: Instagram/dana_nurzhigit

Отбасының жетістігі, бар болуы ол тек қана әйелге байланысты.

Танымал тележүргізуші Дана Нұржігіт психолог, коуч Руслан Ахметовтен сұхбат алды. Сұхбат барысында отбасылық бақытты әйелге тіреген коучтың басы дауға қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Отбасының жетістігі, бар болуы ол тек қана әйелге байланысты. Әйелдің санасына ғана байланысты. Еркек әйелге құрал болып келеді. Жалпы өмірімде не болып жатыр деген сұрақтар көп болды. 

40-тан асқанда ғана шешем айтты. Әкем алып қашқан, зорланған. Неге ауыртпашылық жүреді? Әйел босанған кезде, онымен бірге балада да ауыртпашылық бірге жүреді. Бала өзінің мына өмірде орнын таба алмайды.

Әкемнің екі-ақ сөзі ғана мені алып шықты. «Балам ешкімге сенбе, өзіңе сен» дейтін. Екінші «егер ақша таптың ба, өзіңе жұмса» дейтін. Бірінші сен қызығын көруің керек, қалғаны сосын көреді дейтін. 20 жыл бірақ қателестім. Ешкімді тыңдаған жоқпын, өз ойымды істедім», — деді ол. 

Десе де көпшілік оның бұл пікірімен келіспеген. Олар: «Не деп отырсыз?», «Осылай деп айтуға бола ма? Әйел қырық жанды емес, ер адамның да өз жауапкершілігі болады», «Осылай кеңес беретін коучтар да болады екен» деген пікірлерін жаудырып жатыр.