Ең сорақысы - экологиялық па, әлде техникалық па, бұл апаттың себебі туралы құзырлы органдар әлі күнге дейін жақ ашпай отыр.
Тараз қаласының тұрғындары әлеуметтік желіде суару жүйесінен кәдімгідей қызыл түсті судың ағып жатқан видеосын таратып, дабыл қағуда, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бейнежазбадан арық бойымен аққан судың түсі қан-қызыл екенін анық көруге болады. Желі қолданушылары бұл сұмдықты әзілге бұрып, «борщтың сорпасы ағып жатыр ма» деп мысқылдағанымен, мәселенің артында үлкен қауіп тұруы мүмкін. Ең сорақысы - экологиялық па, әлде техникалық па, бұл апаттың себебі туралы құзырлы органдар әлі күнге дейін жақ ашпай отыр. Тұрғындар қоршаған ортаға және денсаулыққа зақым келе ме деп қатты алаңдаулы.
Қала халқы Тараз әкімдігі мен жауапты коммуналдық қызметтерден шұғыл арада ресми түсініктеме мен нақты әрекет күтеді.