$ 486.19  554.26  6.51

ҚМДБ балаларға қатысты маңызды үкім кесті

"Шариғатта құпталмайды, Пайғамбарымыздың сүнетіне де қайшы".

Фото: Pixabay
Фото: Pixabay

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) чайлдфри идеологиясына қатысты пәтуа жариялап, бұл ұстанымның ислам шариғатына сәйкес келмейтінін мәлімдеді, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Соңғы жылдары әлемде кеңінен таралған чайлдфри көзқарасы қоғамда түрлі пікірталас туғызып келеді. Кейбіреулер оны адамның жеке таңдауы деп қабылдаса, енді біреулер отбасы институты мен дәстүрлі құндылықтарға қайшы құбылыс ретінде бағалайды.

Чайлдфри – өз еркімен бала сүймеуді таңдаған адамдардың өмір салты. Алғашында Батыс елдерінде танымал болған бұл үрдіс кейін әлеуметтік желілердің ықпалымен әлемнің көптеген елдеріне тарады.

Ғұламалар кеңесінің қорытындысында мұндай ұстаным ислам қағидаларына қайшы келетіні атап өтілген. ҚМДБ түсіндіруінше, ерлі-зайыптылар денсаулық немесе өзге де орынды себептерге байланысты жүктілікті уақытша кейінге қалдыра алады. Алайда жауапкершіліктен жалтару немесе тұрмыстық қиындықтарды алға тартып, әдейі балалы болудан бас тарту құпталмайды.

“Жалпы бұл шариғат үкіміне қайшы. Шариғатта құпталмайды, Пайғамбарымыздың сүнетіне де қайшы. Өйткені пайғамбарымыз өзінің көптеген хадистерінде үйленіңдер, көбейіңдер мен сендердің көптіктеріңмен қуанамын деген ертең қиямет күні”, – деді ҚМДБ шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Медет Құрмашұлы.

Осылайша, мүфтият чайлдфри идеологиясына діни тұрғыдан теріс баға берді. Дегенмен қолданыстағы Қазақстан заңнамасына сәйкес, ешкім азаматтарды балалы болуға немесе балалы болмауға мәжбүрлей алмайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Тегтер:

#ҚМДБ #үкім