$ 486.19  554.26  6.51

Илон Маск триллионер мәртебесінен айырылды

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оның байлығы 118 миллиард долларға қысқарып, 957 миллиард долларды құраған.

Фото: РБК
Фото: РБК

Америкалық кәсіпкер Elon Musk триллионерлер қатарынан шығып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, оның байлығы 118 миллиард долларға қысқарып, 957 миллиард долларды құраған.

Bloomberg жариялаған рейтингке сүйенсек, Маск триллион долларлық межеде екі аптаға да жетпеген. Бұған дейін, 12 маусымда агенттік SpaceX компаниясының IPO-дан кейінгі алғашқы сауда күнінде кәсіпкердің дәулеті 1 триллион доллардан асқанын хабарлаған еді.

Bloomberg миллиардерлер индексі ірі кәсіпкерлер иелік ететін компаниялардың акция құны негізінде есептеледі. Ал кейбір жеке компаниялардың бағасы олардың нарықтық капиталдануы мен EBITDA көрсеткіштерінің арақатынасына сүйене отырып анықталады.

Айта кетейік, бұған дейін қазақстандықтардың Илон Маск пен SpaceX акцияларына инвестиция салып, табыс табу мүмкіндігі туралы ақпарат тараған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0