24.06.2026, 16:20

Астанада соңғы 85 жылда болмаған аптап ыстық тіркелді

Фото: deposits.com

Мұндай аптап соңғы 85 жылда болмаған. 

Астанада ең ыстық ауа температурасы тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, кеше, 23 маусымда елордада күн +36,8°C-қа дейін ыстық болды. Мұндай аптап соңғы 85 жылда болмаған. 

 «Астанада 85 жылдық температуралық рекорд жаңартылды. 2026 жылғы 23 маусымда Астанада осы күн үшін жаңа температуралық рекорд орнатылды. Ауаның ең жоғары температурасы +36,8°C-қа жетіп, алдыңғы рекордтан 0,4°C-қа жоғары болды. Бұған дейін 23 маусымдағы ең жоғары көрсеткіш +36,4°C градуспен 1941 жылы тіркелген еді», - делінген синоптиктер хабарламасында.