24.06.2026, 17:40

16 жастағы жасөспірім Есіл өзеніне батып кетті

Фото: Ақмола облысы ТЖД

Бозбала арнайы жарақтандырылмаған жерге барып, суға түскен.

СҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 22 маусым күні кешкі уақытта Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда болған, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Есіл өзенінде, Мұқыр ауылынан шамамен 5 шақырым жерде суға батқан жасөспірімнің денесі табылды.

2009 жылы туған жасөспірімнің мәйітін СҚО ТЖД жедел-құтқару жасағының қызметкерлері судан алып шықты.

Құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Мамандардың айтуынша, суға тек арнайы жабдықталған және құтқарушылар кезекшілік ететін ресми демалыс орындарында ғана түскен жөн.

Ал шомылуға тыйым салынған орындарда суға түскен азаматтарға әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Мұндай құқық бұзушылық үшін 7 АЕК мөлшерінде, яғни 30 мың теңгеден астам айыппұл салынады.

Тегтер: суға бату есіл