$ 486.19  554.26  6.51

Астанада ер адам лифтімен «төбелесті» (ВИДЕО)

Бұзақының барлығы әрекеті тұрғын үй кешені ішінде тұрған бейнекамераға түсіп қалды.

Фото: Видеодан алынған кадр
Фото: Видеодан алынған кадр

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде 34 жастағы мас ер адам бұзақылық жасады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Елордалық ПД мәліметінше, ішімдікке тойып алған ер адам тұрғын үйдегі жеделсатыны қиратқан.

Ол лифт есігін қолмен күштеп ашуға әрекеттеніп, артынан тепкілей бастаған. Біріншісін сындырған соң, екіншісіне көшеді.  

Бұзақының барлығы әрекеті тұрғын үй кешені ішінде тұрған бейнекамераға түсіп қалды.

Полиция қызметкерлері құқықбұзушыны ұстап, бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады. 1,5 миллион теңге көлемінде материалдық шығын келді, – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0