24.06.2026, 17:25

Қарағанды облысы тұрғындары аққан лай суға наразы (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Тұрғындар тіршілік нәрінің мұндай сапасына наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде бейнежазбалар жариялауда.

Қарағанды облысына қарасты Құшоқы кентінде орталықтандырылған су жүйесінен таза судың орнына қою лай су ағып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Тұрғындар тіршілік нәрінің мұндай сапасына наразылық білдіріп, әлеуметтік желіде бейнежазбалар жариялауда.

Салдарынан ауыл халқы күнделікті тұрмысқа қажетті таза ауызсусыз қалып, үлкен қиындыққа тап болды. Жергілікті жұрт бұл санитарлық мәселенің тез арада шешілуін және сапалы су берілуін талап етуде.

Қазіргі уақытта кенттегі су құбырынан аққан су мүлдем пайдалануға жарамсыз күйде қалып отыр.