$ 486.19  554.26  6.51

Атырауда 90 жастағы қария ұлынан зәбір көрген

Атырау облысы полиция департаментінің дерегіне сәйкес, іс "ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Атырау облысында 90 жастағы қарияның өз ұлынан жәбір көргені туралы ақпараттан кейін қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Атырау облысы полиция департаментінің дерегіне сәйкес, іс "ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған.

"Дене жарақатын салу дерегі бойынша 19 маусымда "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген полиция таратқан мәліметте.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0