Атырау облысы полиция департаментінің дерегіне сәйкес, іс "ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған.
Атырау облысында 90 жастағы қарияның өз ұлынан жәбір көргені туралы ақпараттан кейін қылмыстық іс тіркелді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Атырау облысы полиция департаментінің дерегіне сәйкес, іс "ұрып-соғу" бабы бойынша қозғалған.
"Дене жарақатын салу дерегі бойынша 19 маусымда "Ұрып-соғу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір барлық мән-жайды жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді", – делінген полиция таратқан мәліметте.