25.06.2026, 15:40

Алматыдағы көше қиылысында жерастынан өрт шықты

Фото: ПД

Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. 

Алматы қаласының Алмалы ауданында орналасқан Гагарин және Қабанбай батыр көшелерінің қиылысында жерасты коммуникацияларынан өрт шыққаны туралы хабар түсті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері, өрт сөндірушілер, энергетиктер мен авариялық қызмет мамандары жедел жетті. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында аумақ қоршауға алынып, тиісті шаралар қабылданды.

Өрт сөндіру қызметі тілсіз жауды қысқа уақыт ішінде оқшаулап, толықтай сөндірді. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына жерасты инженерлік желілеріндегі қысқа тұйықталу себеп болуы мүмкін.

Зардап шеккендер туралы ақпарат тіркелген жоқ. Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.