$ 487.02  552.23  6.51

АҚШ-та қаза тапқан қазақ жігіттің денесі елге жеткізілді

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Фото: threads/bostonglobe2
Фото: threads/bostonglobe2

АҚШ-та қаза болған Қазақстан азаматы Әсет Құралбайдың денесі елге жеткізілді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бұл туралы Қазақстан Сыртқы істер министрлігі хабарлады. 

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ерлан Жетібаевтың айтуынша, марқұмның денесі 25 маусым күні Қазақстанға жеткізілген. «Бүгін аталған азаматтың денесі Қазақстанға жеткізілді. Нью-Йорктегі Бас консулдығымыз қажетті консулдық-құқықтық көмек көрсетіп, марқұмның денесін елге қайтару рәсіміне қолдау білдірді», — деді ведомство өкілі. Еске салайық, 24 жастағы Әсет Құралбай маусым айының басында жақындарымен байланысын үзгеннен кейін із-түзсіз жоғалғандар тізімінде болған. Кейін оның АҚШ аумағында қаза тапқаны белгілі болды. Қазақстанның дипломатиялық өкілдігі марқұмның денесін отанына жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0