Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған.
Шымкент қаласының Еңбекші ауданындағы Исфиджаб тұрғын алабында орналасқан жеке қойма аумағында өрт шықты.
Оқиға орнында қойма ғимараттарының шатыры, жүк көлігінен төгілген дизель отыны және нысан аумағында сақталған резеңке бұйымдар жанған. Өрт ошағына жақын жерде дизель отынымен толтырылған жүк көлігі тұрған.
Оқиға салдарынан екі адам зардап шекті. Екеуі де күйік алып, ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге жеке құрамнан 56 адам және 30 техника жұмылдырылды. Оқиға орнында ТЖМ Апаттар медицинасы орталығының мамандары да жұмыс істеді.
Өрттің шығу себептері мен мән-жайы анықталып жатыр.