25.06.2026, 21:30

Ақтөбе облысында атасы мен немересі суға батып кетті

Фото: Егемен Қазақстан

Қыз бала суға шомылмаған. Ол шомылуға арналмаған тұсынан, таяз жерімен өтпекші болған.

Ақтөбе облысында атасы мен немересі Елек өзеніне батып кетті, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, қайғылы оқиға 19 маусымда Бестамақ ауылында болған. Судан 1965 жылы туған ер адам мен 2009 жылы туған қыз баланың денесі шығарылды.

Алдын ала ақпарат бойынша, кәмелетке толмаған қыз суға шомылмаған. Ол өзеннің шомылуға арналмаған тұсынан, таяз жерімен өтпекші болғанда, су астындағы шұңқырға түсіп кеткен.

Мұны көрген атасы немересін құтқаруға ұмтылған, бірақ өзі де судан шыға алмай, батып кеткен.

ТЖД бұл аумақта «Шомылуға тыйым салынады» деген ескерту белгісі орнатылғанын атап өтті. Сонымен қатар, өзеннің бұл тұсы таяз болғандықтан, шомылуға мүлдем арналмаған.