$ 487.02  552.23  6.51

Маңғыстауда қарақұрт қаптап, төрт түлік қырылып жатыр

Фото: видео скриншот
Фото: видео скриншот

Маңғыстау даласында биыл қарақұрт шамадан тыс қаптап, жергілікті шаруалардың күнкөрісі болып отырған мал басы жаппай қырыла бастады. Улы жәндіктің кесірінен далада өліп жатқан төрт түліктің бейнесін анық көруге болады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Жыл сайын қайталанатын бұл табиғи апатқа қарсы жергілікті жауапты органдар тарапынан нақты әрі жүйелі залалсыздандыру шаралары әлі күнге дейін дұрыс жүргізілмей отыр. Мал дәрігерлері мен әкімдік өкілдері уақытылы көмек көрсетпегендіктен, шаруалар шығынға батып, өз ата-кәсіптерін сақтап қала алмай шарасыз күйде қалды.

Егер құзырлы мекемелер бұл мәселеге шұғыл араласып, улау жұмыстарын қолға алмаса, аймақ үлкен экологиялық және экономикалық дағдарысқа тірелейін деп тұр. Дабыл қаққан халық бұл жағдайдың қашан жедел бақылауға алынатынын және зардап шеккендерге өтемақы төленетін-төленбейтінін білгісі келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0