26.06.2026, 15:20

«Халыққа қайта шыққым келеді»: Көптен көрінбей кеткен «Бала Жамбыл» мәлімдеме жасады (ВИДЕО)

Коллаж: Sn.kz

"Қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткім келеді". 

Танымал асаба Шарапат Маханбетжан бала Жамбыл атымен танылған жас ақынды тауып кездесті, деп хабарлайды деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Онымен жасаған сұхбатын желідегі парақшасында жариялаған.

Жамбыл қайтадан поэзияға оралғысы келетінін айтты.

"Халқымды қайтадан қуантқым келеді. Халқымның ықыласына бөленгім келеді. Армансыз адам қанатсыз құспен тең. Эфирге, теледидарға қайтадан шыққым келеді. Өзімнің ішімде айтар біраз сырым бар. Соның барлығын жария қылғым келеді. Қазақ поэзиясының көкжиегін кеңейткім келеді", - деді ол.

Оқырмандар оны көргеніне қатты қканғандарын айтып, қолдау білдірді.