$ 485.4  550.69  6.41

«Екінші баласы да күдікті»: Алматыда өртенген полицейге қатысты тың деректер шықты

Ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалы кезінде үйге 15 жастағы екі ұлы (біреуі асырап алған ұлы делінеді) мен олардың 14 жастағы досы кіріп қалған.

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Тергеу мәліметінше, қайғылы оқиға болған күні полиция қызметкері үйіне кеш келген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Марқұмның жұбайының да экс-полиция қызметкері болғаны көп жазылып жүр. Бірақ, ол биыл ақпан айында ғана жұмыстан шығып кеткен.

Жақындарының сөзінше, ер адам отбасында жиі жанжал шығарып, әйеліне бірнеше рет қол да көтерген. Тіпті, әйелі бірнеше рет денесіндегі жарақат іздерін көрсетсе де, мәселе бойынша нақты шара қолданылмаған.

Ерлі-зайыптылардың кезекті жанжалы кезінде үйге 15 жастағы екі ұлы (біреуі асырап алған ұлы делінеді) мен олардың 14 жастағы досы кіріп қалған. Тергеу нұсқасына сәйкес, жасөспірімдердің бірі әкесінің басынан қатты затпен соққы жасаған.

– Келіншек пен оның екі ұлы және 14 жастағы жасөспірім Алматы облысы Талғар аудандық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалған. Бейресми мәліметтерге қарағанда, олар өзіне тағылған күдікті мойындаған болуы мүмкін. Десе де, бұл ақпаратты тергеу органдары әзірге ресми түрде растаған жоқ. Сот санкциясынан кейін олар тергеу изоляторына этаппен жеткізіледі.

Бұл істі тергеу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылуы ықтимал. Себебі, қылмыс Алматы қаласында жасалғанымен, мәйіт Алматы облысының аумағынан табылған.

Егер марқұмның жұбайына күш қолданғаны жөніндегі ақпарат расталып, әйелі, оның балалары және басқа да куәгерлер тиісті  айғақ берсе, бұл мән-жайлар қылмыстық істің тергелуіне елеулі ықпал етуі мүмкін. Аталған оқиға үлкен қоғамдық резонанс тудырды, – деп жазды Тime.kz басылымы. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0