Жауапты тұлға Ерлан Ақкенжанов бүкіл Қазақстан бойынша газ жеткізу міндеттемелері толық орындалып жатқанын айтып, ақталып бақты.
Кен орнындағы шикізат өндірісі бірден 9 мың тоннаға қысқарып, елдегі газ қабылдау көрсеткіші күрт төмендеп кетті.
Мұндай орасан шығын қалың бұқараны тағы да «көгілдір отынсыз қаламыз ба» деген үлкен үрейге қалдырды. Ал энергетика саласының шенеуніктері үйреншікті әдетпен «жағдай тұрақты, ештеңе бұзылған жоқ» деп халықты жұбатуға тырысып әлек.
Жауапты тұлға Ерлан Ақкенжанов бүкіл Қазақстан бойынша газ жеткізу міндеттемелері толық орындалып жатқанын айтып, ақталып бақты. Алайда мыңдаған тонна шикізаттың азаюына нақты не себеп болғанын ресми орындар бұл жолы да ашып айтқысы келмей, жылы жауып қойды.
Шенеуніктердің қағаз жүзіндегі есептері мінсіз көрінгенімен, қарапайым халықтың мұндай уәделерге сенуден қалғаны ащы да болса ақиқат.