Ішкі істер министрі Ержан Саденов Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді.
Қазақстан мен БАӘ жүргізуші куәліктерін өзара тану туралы келісімге келді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Ішкі істер министрі Ержан Саденов Біріккен Араб Әмірліктері премьер-министрінің орынбасары әрі Ішкі істер министрі Шейх Саиф бен Заид Әл Нахаянмен келіссөздер өткізді.
Polisia.kz сайтының хабарлауынша, Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері жүргізуші куәліктерін өзара тану жөнінде келісімге келген. Меморандум екі ел азаматтары үшін әкімшілік рәсімдерді жеңілдетуге және қосымша қолайлы жағдайлар жасауға бағытталған. Жүргізуші куәліктерін өзара тануды, сондай-ақ құжатта көзделген жағдайларда оларды жеңілдетілген тәртіппен айырбастауды қарастырады.
Сайт мәліметінше, жыл сайын БАӘ-не шамамен 400 мың Қазақстан азаматы барады. Сонымен қатар БАӘ аумағында 14 мыңға жуық қазақстандық азамат тұрады.
Құжат тараптар қажетті ішкі мемлекеттік рәсімдерді аяқтағаннан кейін күшіне енеді.