26.06.2026, 17:00

30 маусымда Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді

Фото: parlam.kz

Парламент жұмысын президент қорытындылайды.

30 маусымда Парламент палаталарының соңғы бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.  Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов тиісті өкімге қол қойды. Парламент жұмысын президент қорытындылайды. Айта кетері, 1 шілдеде жаңа Конституция күшіне еніп, Парламент өкілеттігін тоқтатады. Осылайша мәжіліс пен сенат депутаттарының мандаты аяқталады.