27.06.2026, 18:30

Астанада жолаушылар автобусынан өрт шықты

Фото: ТЖМ

Зардап шеккендер жоқ.

Есіл ауданы Әл-Фараби даңғылы бойында жолаушылар автобусының қозғалтқыш бөлігінен өрт шықты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер автобустың қозғалтқыш бөлігі ашық жалынмен жанып жатқанын анықтады.

Құтқарушылар келгенге дейін жолаушылар автобустан өздігінен шығып үлгерген.

ТЖМ қызметкерлерінің үйлесімді әрекеттерінің нәтижесінде өрт қысқа мерзімде толық сөндірілді.

Өрт сөндірушілер жалынның автобусқа толық таралуына жол бермеді.

Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.