$ 486.47  554.77  6.26

Алматыдағы өртенген полицей: Күдікті жасөспірімдер үйқамаққа алынды

Жақын күндері оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау орнатылады.

Фото: Егемен Қазақстан
Фото: Егемен Қазақстан

Алматы облысында полиция қызметкерінің өліміне қатысты іс бойынша кәмелетке толмағандардың қорғаушылары іс бойынша мәлімдеме жасады. Адвокаттар Гаухар Сарыева мен Динара Шамшекова жасөспірімдерге тергеу сотының шешімімен үйқамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалғанын айтты, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Адвокаттар Гауһар Сарыева мен Динара Шәмшекованың Instagram желісіндегі парақшасындағы жазбасына сәйкес, Кеген аудандық сотының тергеу судьясы күдіктілерді тергеу изоляторына қамаудан бас тартып, оларға үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасын қолданған.

Жақын күндері оларға электронды білезік тағылып, бейнебақылау орнатылады.

Қорғаушылардың сөзінше, сот отырысы барысында қорғау тарабы тергеу аясында мұқият тексерілуге тиіс жайттарға назар аударған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0