$ 486.47  554.77  6.26

Құлсарыда жаңадан салынған тротуарлар мен гүлзарлардың сиқы қашқан

Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Құлсары қаласының 1-ші ықшамауданында жаңадан төселген тротуарлардың тастары шашылып, жиектастары құлап, жаяу жүргіншілердің қозғалысына қауіп төндіруде, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Мұныменқоса, жылу құбырларының айналасын арамшөп басып, қаптамалары ашық-шашық жатса, гүл егілген жерлерге құнарлы топырақтың орнына құм төгілгендіктен жасыл желек қурап қалған. Қаладағы кейбір абаттандыру жобалары, соның ішінде фонтандар мен демалыс орындары сол күйі аяқталмай, айналасы құрылыс материалдары мен бейберекет жатқан құбырларға толып тұр. Жергілікті тұрғындар жауапты ведомстволардың мұндай сапасыз жұмысты қалай қабылдап алғанына және бұл олқылықтарды нақты кім түзететініне наразылық білдіруде. Құлсарылықтар биліктен бөлінген бюджеттің есебін сұрап, сапасыз нысандарды тез арада қайта жөндеуді және абаттандыру барысын қатаң бақылауға алуды талап етеді. Бүгінде халықтың басты талабы біреу - құрғақ есеп емес, қауіпсіз әрі сапалы салынған көрікті қала.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0