28.06.2026, 21:30

Петропавлда жолға таласқан жүргізушілер жаппай төбелес шығарды (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Қақтығыстың себебі – жолға талас, бірін бірі, қоғамдық ортаны сыйламау.

СҚО-да жаға ұстатар жайт орын алды. Бұл жолы трассаға таласқандардың төбелесіне қыз-келіншектер де жаппай араласқан, деп жазады Sn.kz ақпарат порталы.

Жұдырықтасып, жұлысу Қызылжар қаласындағы «Жас Өркен» ауданында орын алған.  Куәгерлердің айтуынша, төбелеске ерлер де, әйелдер де қатысқан. Төбелес жолда көлік кептелісін тудырып, өзге жолаушылардың қозғалысына кедергі келтірген.

Қақтығыстың себебі – жолға талас, бірін бірі, қоғамдық ортаны сыйламау. Полиция барлық қатысушылардың жеке басы анықталғанын және тергеу жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Тергеуден кейін әрбір қатысушының әрекеті құқықтық тұрғыда бағаланады, содан кейін процессуалдық шешім қабылданады.