$ 486.47  554.77  6.26

«Сен туралы кітап жазуға болады»: Өртенген полицейдің қарындасы жазба жариялады (ВИДЕО)

Бұған дейін хабарланғандай, Аслан Әлсеров Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында қызмет еткен.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Алматы облысында өртенген күйінде табылған полиция қызметкері Аслан Әлсеровке қатысты тергеу жалғасып жатыр. Осы уақытта әлеуметтік желіде марқұмның видеолары мен қарындасының жан тебірентерлік жазбасы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Бұған дейін хабарланғандай, Аслан Әлсеров Алматы қаласы Әуезов аудандық полиция басқармасында қызмет еткен. Қайғылы оқиғаға байланысты оның жұбайы, екі ұлы және ұлдарының 14 жастағы досы күдікті ретінде қамауға алынған.

Тергеудің алдын ала мәліметіне сәйкес, оқиға күні полиция қызметкері үйіне кеш оралған. Үйде туындаған жанжалдың соңы төбелеске ұласқан. Болжам бойынша, жасөспірімдердің бірі ер адамның басынан ауыр затпен соққы жасаған. Кейін күдіктілер ес-түссіз жатқан азаматты көлікке салып, Алматы облысының Кеген ауданына алып кеткен деген нұсқа қарастырылып жатыр.

Тергеу дерегінше, марқұмның денесі Көкпек – Көктал – Кеген автожолынан шамамен жарты шақырым жердегі таулы аумақта өртелген болуы мүмкін. Қылмыстың нақты мән-жайы сот-медициналық сараптамалардың қорытындысынан кейін белгілі болады.

Осы оқиғадан кейін марқұмның қарындасы Айдана Бекболатовна Instagram желісінде ағасын еске алып, жүрек ауыртар жазба жариялады.

«Бүгін сенсіз өткеніне үш күн болды, ағатай. Сенің жоқ екеніңе әлі де сене алар емеспін. Үш күн бойы таң намазында дұға жасап, басыңа барып жүрмін. Жатқан жерің жайлы, жаның жәннатта болсын. Сен мәңгі жүрегімде қаласың. Балапандарың аман болсын. «Фото-видеолардың бәрінен отбасыңның жанында қорған болғаныңды, балапандарыңды жетелеп жүргеніңді көремін. Сен туралы тұтас кітап жазуға болады. Сені бір рет көрген адамның өзі жақсылығыңды айтып кететін. Сенің кең жүрегіңе тұтас әлем сыйыпты ғой», – деп жазды марқұмның қарындасы.», – деп жазды ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0