$ 485.82  554.03  6.24

«Ақшаны асфальтпен бірге жоқ қылды ма?»: Қарағандыдағы жөндеу жұмысы халықтың ашуын тудырды

Әзірге жергілікті билік бұл сорақылыққа қатысты мардымды жауап беріп, өзін ақтап үлгерген жоқ.

Коллаж: Sn.kz
Коллаж: Sn.kz

 

Қарағанды қаласындағы Республика даңғылында басталған жол жөндеу жұмысы жергілікті тұрғындар арасында үлкен дау тудырып жатыр, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбадан мердігерлердің әлі де бүлінбеген, тап-тұйнақтай болып тұрған асфальттың бетін қырып тастағанын анық көруге болады. Бұл жағдайға ашуланған жүргізушілер онсыз да тапшы бюджеттің қаржысы неліктен орынсыз шығындалып жатқанына заңды түрде наразылық білдіруде. Тұрғындардың бұл сыны өңірдегі инфрақұрылымдық жобаларды бақылаусыз қалдырған облыс пен қала әкімдігінің тиімсіз жұмысын тағы да әшкерелеп берді. Халық бюджет миллиондарын желге ұшырғанша, қаланың шынымен де тесік-тесік болып жатқан өзге шеткері көшелерін неге жөндемеске деген сұрақты төтесінен қойып отыр. Әзірге жергілікті билік бұл сорақылыққа қатысты мардымды жауап беріп, өзін ақтап үлгерген жоқ.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0