30.06.2026, 09:59

«Мумбайға» айналған Алакөл: Халық дәретхана іздеп сабылып жүр

Фото: видеодан скриншот

 

Желіде демалушылардың көптігінен отандық курорттардың бірін адам көп шоғырланған Үндістанның Мумбай қаласымен салыстырған видео тарап, қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы. 

Алайда, қаптаған туристерді көріп сүйсінудің орнына, халықты мүлдем басқа, өзекті мәселе мазалап отыр. Желі қолданушылары осыншама нөпір жұрттың қарапайым гигиеналық қажеттілігін өтейтін әжетханалардың жоқтығын айтып, дабыл қақты. Өңір әкімдігі туризмді дамытуды мақтан еткенімен, жағажайдағы қарапайым тазалық пен инфрақұрылымды ретке келтіруге қауқарсыз болып шықты. Осы уақытқа дейін демалыс орнындағы қарапайым санитарлық талаптарды шеше алмаған жергілікті биліктің салғырттығы жұрттың ашуын туғызып отыр. Егер жағдай осылай жалғаса берсе, шетелдік қонақтар түгілі, өз азаматтарымызды да курорттық аймақтың ластығымен шошытып алатынымыз анық.