30.06.2026, 18:20

Түркістанда қыз алып қашпақ болған жігіттер полицияға ұсталды

Фото: Жасанды интеллект

Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

Түркістанда екі жігіт қыз алып қашпақ болған, бірақ оларды дер кезінде полиция байқап үлгерді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Тәртіп сақшылары жол бойындағы Kia автокөлігінің ішінде отырған қыздың қолын бұлғап, көмекке шақырғанын байқайды. Күдік тудырған машинаны тоқтатқанда, бойжеткен жүгіріп шығып, көмектесуін сұрайды.

Аталған жағдай бойынша полиция мәжбүрлеп некеге тұр бабы бойынша іс қозғайды. Бірақ кейінірек бойжеткен жас жігітпен кездесіп жүргенін, бірақ кейін жанжалдасып қалғанын айтады. Ол жігітке қарсы арыз жазудан бас тартады.

Қазір жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.