30.06.2026, 21:30

Ақтөбеде 5 жасар ерекше бала мектепте жарақат алды

Фото: видеодан скрин

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр.

 

Ақтөбедегі жемеменшік мектептің бірінде аутизмге шалдыққан 5 жасар ұл баланы қатарласы сатыдан итеріп жіберген, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Оқиға "Мозаика" атты мектепте үзіліс кезінде болған. Балалардың бірі 5 жасар ұлды итеріп жіберіп, баспалдақтан құлатқан. Ол басынан, иығы мен арқасынан жарақат алған. Зардап шеккен баланың анасы оқиға тәрбиешінің балаларды қараусыз қалдырған кезде болғанын айтады.

БАҚ-тың мәліметінше, көзге көрінетін жарақатына қарамастан, мектептегілер жедел жәрдем шақырмаған көрінеді, ата-анасына да хабар бермепті. Анасы тек мектептен алып кетуге келгенде бір-ақ біледі.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.