Жағдайлары тұрақты.
Ақмола облысындағы лагерьде төрт бала уланып қалды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
9 бен 12 жас аралығындағы балалар Біржан сал ауданындағы білім беру-сауықтыру орталықтарының бірінде демалған.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, кәмелетке толмаған төрт баланы медицина қызметкері көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізген. Біржан сал ауданындағы лагерьден улану белгілері (құсу, қызу көтерілу, іш өту) бар 4 бала медицина қызметкерінің сүйемелдеуімен көпсалалы облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Олар қазір инфекциялық бөлімде емделіп жатыр.
Жағдайлары тұрақты.
Емді толық көлемде алуда, – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметінен.