01.07.2026, 20:30

Құрылтай сайлауына жеті партия қатысатын болды

Фото: Masa media

Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. 

ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров 2026 жылғы 23 тамызға тағайындалған Құрылтай депутаттарының сайлауына 7 партия қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

— Орталық сайлау комиссиясы «Ақ жол» демократиялық партиясын, «Ауыл» партиясын, «Әділет» саяси партиясын, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияны, Қазақстанның «Байтақ» жасылдар партиясы, Қазақстан халық партиясын және «Respublica» партиясын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатыстыру туралы қаулылар қабылдады, — деді ОСК төрағасы.

Айта кетейік, Нұрлан Әбдіров Құрылтай сайлауына белсенді қатысуға шақырды. 

Сонымен қатар Құрылтай сайлауына дайындықтың күнтізбелік жоспары таныстырылды.